6-мамырда «Астана Балет» театрының сахнасында израильдік Vertigo би ұжымы өнер көрсетеді

6-мамырда «Астана Балет» театрының сахнасында израильдік Vertigo би ұжымы өнер көрсетеді. Бұл кеште ұжымның көркемдік жетекшісі Ноа Вертайм қойған «One One&One» балетін тамашалай аласыз. Идеялық бастамашысы Ноа бастаған би ұжымы 25 жыл бойы шығармашылық ізденісте жүріп, еркін әрі жарқын дербес стилін шыңдап келеді. Спектакльде жеке адамның өзді-өз болып қалуға ұмтылысы мен оның осы һұқын шектейтін қоршаған ортаның арасындағы қақтығыс жайлы баяндайды. Түрлі көзқарас пен өзгелердің пікірінен құралған ішкі әлеміміз, ішкі Меннің айналамыздағы адамдармен жақындық иллюзиясын қалыптастырады.

БИЛЕТТЕРДІ САТЫП АЛУ