АШЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КАСТИНГ

АШЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КАСТИНГ
AstanaBallet театры балет әртістеріне халықаралық кастинг жариялайды!
Deadline: 2018 жылдың 1-мамырына дейін.
Классикалық, ұлттық би және т.б. бағыттағы кәсіби дайындығы бар әртістер шақырылады.
Талап:
• Жасы: 18-ден 28-ге дейін;
• Бойы 168 см. аласа болмасын;
• Сахналық сыртқы болмысы жарқын;
• Харизма, артистизм, даралық.
Жұмыс тәжірибесінің болуы міндетті емес.
Кастингке қатысу туралы өтініш үшін мына мәліметтерді info@astanaballet.kz поштасына жолдауыңызды сұраймыз:
1) Түйіндеме;
2) Толық бойыңыз көрінетін фотосурет (3 және одан да көп);
3) Бейнеролик (балет залы не сахнада. Сапасы жақсы болуы тиіс).
Сұхбаттасуға шақырылған күнде, шығынның (тұру, трансфер, тамақтану мен т.б.) бәрін қатысушы өзі көтереді.
P.S. Аталған талаптардың біріне сай келмейтін, әйтсе де хореографиялық қабілеті жоғары қатысушының кандидатурасын театр жеке қарауға әзір.