«Жусан» балеті және «Арнау» концерттік бағдарламасы

22-23 наурызда «Астана Балет» театры Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай, ұлттық бояуы қанық балеттер кешін өткізеді. Түркі тілдес халықтарға ортақ бұл мейрам өмірдің жаңа тынысын білдіретін табиғат құбылысына орайластырылған.

Ұзақ қыстан кейін жанданған табиғат секілді, «Дала самалы» атты концерттік бағдарлама да жақындаған көктем нышаны, жаппай ұлттық жаңғырудың белгісі іспетті.

Заманауи музыка және тың би тәсілдерімен әспеттелген, ұлттық бояуы қанық хореографиялық миниатюралар «Арнау» атты концерттік бағдарламаның аясында көрсетілмек. Ал, заманауи хореограф Мукарам Авахридің «Жусан» атты бір актілі балетін тамашалап, Ұлы Дала сырына үңілесіз. Аңыз бен әпсаналарға бай кең-байтақ даламызға саяхат жасағандай күй кешесіз.