Борис Эйфманға «Астана Балетпен» жұмыс істеуге ұсыныс жасалды

Астанаға гастрольмен Санкт-Петербор мемлекеттік академиялық балет театры мен оның көркемдік жетекшісі Борис Эйфман келді. Астана сахнасында танымал театр өзінің әйгілі қойылымдарының бірі – “Евгений Онегин” балетін көрсетті.

 

“Хабар 24” телеарнасына берген сұхбатында Борис Эйфман өзінің спектаклі жайлы айтып, қазақстандық балет жайлы пікірімен бөлісіп, біздің ұжыммен ынтымақтастық байланыс орнатылуы мүмкін екенін атап өтті.

 

“Астана Балет ” театрының қалай дамып жатқанын көріп жүрмін. Осы жас ұжымның репертуарын талай жылдан бері бақылап келемін. Бұл – жас та болса, мүмкіндіктері зор, ізденісі мол театр ұжымы. Менің ойымша, заманауи әлемдік өнер тәжірибесінен нәр алатын осы ізденістің жеміс беретіні анық, оның нәтижесі де айтарлықтай болатыны даусыз ”, – деп атап өтті, әйгілі балетмейстер.