“Астана Балет” Польшадағы гастроль аяқталды

2016-шы жылғы қарашаның  21 мен 23 күндері Польшада алғаш рет «Астана Балет» театрының гастролі өтті. Варшава мен Вроцлавтың көрермен қауымы театрдың жаңа қойылымдары мен үздік концерттік нөмірлерді тамашалай алды.

 

«Астана Балет» театры алғаш рет Польша Республикасының әйгілі сахналарында өнер көрсетті. Гастроль шымылдығы Варшава Үлкен театрында ашылып, Вроцлав опера театрында жабылды.

 

Концерт бағдарламасына бельгиялық хореограф Рикардо Амарантенің “A Fuego lento”,“Gaia”  және “Love Fear Loss” атты жаңа қойылымдары, сонымен қатар, Театр әртістерінің орындауындағы танымал би миниатюралары мен спектакльдердің үзінділері енді. Алуан түрлі және жарқын концерттік бағдарлама музыка мен бидің ғажайып атмосферасына бөлеп, қазақстандық жас ұжымның сан салалы шығармашылығын ашып көрсете алды.

 

“A Fuego lento”,  “Gaia”  и “Love Fear Loss”  –  неоклассика мәнерінде жасалған ғажайып қойылымдар, махаббат пен табиғат сұлулығы жайлы баяндайтын хореографиялық туындылар. Поляк көрермені Рикардо Амарантенің “Love Fear Loss” атты қойылымын бірінші болып көрді. Эдит Пиаф әндерінің музыкасына қойылған, махаббат жайлы ғажайып әпсананың премьерасы Варшава Үлкен театрында өтті.

 

Бәрі бірге көрсетілген бір актілі балеттер, дара ұжымның репертуарымен, оның әлеуетімен танысуға мүмкіндік берді. Бұл ұжым түрлі бағыттар мен стильде жасалған спектакльдерді орындауға қауқарлы.

 

Концерт бағдарламасына, сонымен қатар, Дина Нұрпейісованың музыкасына қойылған «Япурай», «Әсем Қоңыр», «Тұран» этно-фольклорлы тобының музыкасына қойылған «Скиф фрескалары», «Қуанамын», «Арулар» сынды көпшілікке танымал би миниатюралары енген.

 

Осы нөмірлер мен Театр репертуарындағы балеттердің үзінділері әртістер мен қоюшы-режиссерлер музыкалық-хореографиялық синтездің классикалық шеңберін қаншалықты кеңейте түскенін аңғартады.

 

Поляк көрермені балет өнерінің нәзіктігі әрі талғампаздығына ғана емес, сонымен бірге, ұлттық нақышқа толы екі кешті өткізді. «Астана Балет» театрының көрсетілімі балет сүйер қауым үшін тосын сыйға айналғанына куә болдық.

 

Жас та болса, әйгілі «Астана Балет» театрының гастролі Қазақстан мен Польша арасындағы байланыстарды нығайта түсіп, мәдениеттердің бірін-бірі толықтыруына жол ашып, екі елдің арасындағы байланыстарды кеңейте түсуге септігі тигені даусыз.