ВАЛЬПУРГИЕВ ТҮНІ

Қоюшы-хореограф, жарық суретшісі – Георгий Ковтун

Суретші-сценограф – Ирина Долгова

Костюм суретшісі – Ирина Сафронова

Бейнеинсталляция – Дмитрий Шамов

Ұстаз-репетиторлар: Евгения Костылёва, Мұрат Түкеев, Людмила Макарцева, Амангельды Юсупов

Жалпы, «Вальпургиев түні» Иоганна Вольфганг Гётенің «Фауст» атты трагеди­ясының желісімен қойылған операның екінші редакциясындағы балет сахнасы. Шарль Гуноның бұл туындысы музыкалық тілі, хореографиялық көркемдігі тұрғы­сынан ғажап дүние. Осы эпизод алғаш рет 1869 жылы Париж операсынның сахна­сында көрсетіліп, содан бері ол бір актілі балет деңгейіне дейін жетті.

«Астана Балет» театрының сахнасындағы «Вальпургиев түні» – әйгілі балеттің Георгий Ковтунның орыс классикалық балет дәстүріне сүйене отырып жасаған тың үлгісі. Мұнда Көне Грекияның мифтері мен аңыздары жанданады.

Табиғат жанданған соң, жер тыныстайды. Жер өңдеушілердің қамқоршысы Тәңірия Деметра, Шарап жасаушылардің Құдайы Дионистің құрметіне мереке ұй­ымдастырады. Бұл – бірде тойымсыз құмарланып, енді бірде, керісінше, мұң мен сағыныш сезіміне батыратын махаббатты жырлайтын би думаны. Дүнияуи күйбең тіршіліктен арылып, бәрі алаңсыз тойлап жүр. Табиғаттың ғажайып жандануы бар­шаның тоқтаусыз билеп, көңіл көтеруіне сеп болды.

 

Diversity (Алуан түрлі би)

 

В.А. Моцарт, П. Масканьи, Л. Минкус, Ж. Массне, А. Глазунов, А. Вивальди, С. Рахманинов, Ш. Гуно, К. Сен-Санс, М.Брух музыкасына қойылған бір актілі балет

 

Балет – көпшіліктің жүрегін баурап, әлемді табындырған өнер. Айналамыздағы әлем, өнер түрлері, адам баласының өмір салты секілді  хореографиялық өнердің өзі де едәуір эволюцияға ұшырады. Төрт ғасырдан астам тарихы бар балет визуалды, музыкалық және пластикалық тұрғыдан айтарлықтай трансформацияға түсті. Би өнері бойыңызға шабыт бітіріп, алға жетелейді. Айналамыздағы әлемді өзгертіп, өмірдің өзін сан-алуан реңкке бөлеп, әсемдікке деген құштарлығыңызды оятады.

 

“Diversity” қойылымы көрермен қауымға балеттің ғажайып әлеміне серуен құруға мүмкіндік береді. Уақыт музыкалық сүйемелдеуді де, костюмдер мен бишілердің қимылын да өзгерткенімен, мәңгі жас өнер бұған дейінгі дәуірлердің романтизмін сақтай білді. Неоклассиканың күрделі элементтерімен байып, жаңа стиль, динамика мен заманауи кейіпке енді, ал, мұның өзі Алуан түрлі қоршаған ортамызға тән дүние.

БИЛЕТТЕРДІ САТЫП АЛУ