«Астана Балет» Кореядағы Түркі мәдениеті фестивалінде

Корей Республикасында «Түркі тілдес елдер мәдениетінің фестивалі» өтті. Фестивальге Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркия мен Түркіменстан елдерінің шығармашылық ұжымдары қатысуда.

 

Фестиваль 8-ші қарашада ашылды; сол күні Сеулде түркі тілдес елдердің бірлескен концерті өтіп, оған қатысушы-мемлекеттердің өкілдері дайындаған фотокөрме мен ұлттық киімдер көрмесі ашылды.

 

10-шы қарашада фестиваль аясында «Қазақстан күні» өтті. Қазақстан Республикасының атынан фестивальге «Астана Балет» театры, «Һассақ» этно-фольклорлы ансамблі, Мемлекеттік Республикалық корей музыкалық комедия театрының «Самульнори» фольклорлы-этнографиялық тобы, жас әншілер мен халық аспаптарында ойнаушылар қатысты.

 

Фестиваль 13-ші қарашада Кимхэ қаласында аяқталып, мұнда Қазақстан, Қырғызстан және Әзірбайжан әртістері қатысқан үлкен концерт қойылды.