«Астана Балет» театры гастрольдік сапармен Ақтауға жол тартпақ

«Астана Балет» театры гастрольдік сапармен Талдықорғанға жол тартпақ

Елорданың 20 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында, 25-26 мамыр күндері «Астана Балет» театрының труппасы Ақтау қаласындағы Абай атындағы мәдени сауық кешенінде өнер көрсетеді. көпшілікке Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы алға қойылған маңызды міндеттері аясында өтетін концерттік бағдарлама жергілікті көрермендерді ұлттық және әлемдік хореография өнерінің үздік үлгілерімен  таныстыратын болады.

 

Көрерменге «Астана Балет» театрының алуан-түрлі бағдарламасы тарту етілмек: халқымыздың мәдениеті пластика тілімен жеткізілген «Ұлы Дала мұрасы» концерттік бағдарламасы, және бір актілі балеттері.

«Ұлы Дала мұрасы» бағдарламасына енген хореографиялық миниатюралар мен балет үзінділерінің ұлттық бояуы қанық. Балық композициялық ұлттық дәстүрге бай, сан-қырлы әрі эмоциялық қуаты басым. Ғажап музыка мен қайталанбас көркемдік бейнелер жадыңызда мәңгі сақталып қалары анық. «Ұлы Дала мұрасы» бағдарламасы заманауи ұлттық балетті жарқын, екпінді дамып жатқан әрі бірегей құбылыс ретінде тануға мүмкіндік береді.

 

25-26 мамыр

Абай атындагы мәдени сауық кешені 
Актау, микрорайон 4, 77 
+7 7292 30 56 70.