«Астана Балет» театры бразилиялық хореограф Рикардо Амаранте қойған «Жизель» балетін ұсынады

Күні: 23-24 маусым

Музыка – Адольф Адан

Хореограф – Рикардо Амаранте (Бразилия)

Сценография, костюмдер – Рене Салазар (Бразилия)

«Астана Балет» театры бразилиялық хореограф Рикардо Амаранте қойған «Жизель» балетін ұсынады. Екі актілі спектакль Генрих Гейне жазып алған, виллистер жайлы көне аңыздың негізінде шығарылған. Сүйіктілері теріс айналған, тұрмысқа шықпаған бойжеткендер виллистерге айналатын. Шаруа қызы Жизель де солардың біріне айналды. Бойжеткеннің жаймақоңыр, әсем әлемі қираған шақта, сүйіктісінен айырылатынына көзі жеткенде, ол мұндай қорлыққа шыдамай жан тапсырады.

Түнде көрінен шығатын виллистер ойрандалған өмірі үшін өш алады. Алдына кездескен ер адамды биге шақырып, оған ажал құштырады. Алайда, Жизельдің граф Альбертке деген махаббаты зұлымдықты жеңіп шығады. Ол өзін алдаған графты кешіріп, оны құтқарып қалды. Алберт тірі қалғанымен, қол үзіп қалған ғашығы туралы мұңнан арыла алмайды.

«Астана Балет» театрының осы қойылымында байырғы балет жаңа қырынан көрінді. Тек, романтизмнің сөзсіз шыңына айналған аңыз-спектакльдің жігерлі әрі поэтикалық рухы ғана өзгеріссіз қалды.