Астанада жаңа театр ашылды

10 желтоқсан, 2016. Астана. Қазақстан елордасында жаңа театралдық сахна «Астана Балет» театры салтанатты түрде ашылды. Қазақ ұлттық хореография академиясының бірегей кешеніне енген жаңа мәдениет мекемесі әлемнің үздік үлгілеріне сәйкес келіп, түрлі шығармашылық ұжымдардың – балет, опера, драма – спектакльдердің қойылымын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл сахнадағы жаңа спектакльдерді «Астана Балет» жас хореографиялық ұжымы алғашқы болып көрсетті.

 

Жаңа мәдениет мекемесінің ашылуы қазақстандық өнерге көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдаудың жоғары деңгейінің дәлелі болып табылады.

 

Құрамына ендігіде жаңа Театр да енетін Қазақ ұлттық хореография академиясының бірегей кешенінің құрылуын Орталық Азия және барша Еуразия кеңістігінің мемлекеттерінде хореографиялық өнердің дамуына маңызды серпін ретінде есептеуге болады.

 

Сонымен қатар Қазақ ұлттық хореография академиясының үздіксіз білім берудегі бірегей мемлекеттік жүйесі және жаңа театрдың сахна алаңы шығармашылық кадрларды даярлау ісіне үлкен жол ашады. Теориялық білім бірден сахнадағы кәсіби шеберлікте жүзеге асыруды көздейтін дуалды білім беру қағидалары Қазақстан мен шет мемлекеттерде қажетті бәсекеге қабілетті әртістерді даярлауға мүмкіндік береді.

 

Жаңа театрдың пайда болуы әлемдегі кез-келген қала үшін маңызды жаңалық және бұл оқиғаға деген әлемдік қауымдастықтың қызығушылығы әрдайым жоғары болары хақ.

 

Астана аймағында барлық заманауи талаптарға сай келетін жаңа театр алаңының ашылуы қазақстандықтардың жоғары мәдени деңгейінің дамуына және елорданың жағымды имиджінің қалыптасуына ықпал етіп, оның бәсекеге қабілеттілігінің артуының маңызды аспектілердің біріне айналады.

 

Жаңа театрдың ғимараты Қазақстандағы мәдениет объектілерінің ішінде техникалық тұрғыдан жоғары сапалы жабдықталған әмбебап театры болып табылады. Сахнаның параметрлері мен мүмкіндіктері жаңа театрда түрлі мәдени шаралар мен шығармашылық кештерді, симфониялық және эстрадалық оркестрлердің концерттерін, түрлі арнайы әсерлер қолданылатын заманауи шоу мен мюзиклдерді өткізуге мұрша береді. «Астана Балет» театрының жаңа ғимараты елорданың мәдени өмірін одан әрі жаңғыртып, тартымды әрі қызықты ете түсері айқын.

 

Жаңа театр сахнасы театр кеңістігін ұйымдастырудың заманауи стандарттарына сәйкес келеді. Театрдың жалпы көлемі 15.467 м². Көрермен залында 783 орын бар (609 орындық партер). Сахна көлемі – 536 м². Сахна төрт көтеріп-түсіру планшеті мен төрт әртістік көтергішпен жабдықталған. Оркестр үңгірі 50-60 музыкантқа арналған. Жарық беру кешенінде соңғы инновациялық жаңалықтар қолданылған. Көркем жарықты жоғары сапада жасау мүмкіндігі бар 800-ге жуық жарық жабдықтары орнатылған. Сонымен қатар, арнайы техника бейнепроекцияның бар мүмкіндіктерін қолдануға мүмкіндік береді.

 

Жаңа Театрдың сахнасында сценографиясы күрделі спектакльдер қоюға болады. Сахна алаңының мүмкіндіктері режиссерлер мен сценографтардың жаңашылдық идеяларын жүзеге асыруына жол ашады. Сахнаның техникалық көрсеткіштері театрдың көркемдік-қоюшылық мүмкіндіктерін арттырып, түрлі жанр мен стильдегі спектакльдердің қойылымын жүзеге асыруға мұрша береді. Көрермендердің оңтайлығы үшін екі буфет пен кең фойелер жасалған.

 

Жаңа заманауи хореографиялық кешен елорда мәдени өмірін көркейте және қанықтыра түсіп, қала қонақтары мен тұрғындары үшін жаңа театрға келу  естесақтарлық мереке мен хореографияның керемет өнеріне қосылудың әдісіне айналатындығы күмән тудырмайды.

 

10 және 11 желтоқсан күні қазақстандық көрермендер жаңа сахнада бразильдік хореограф Рикардо Амарантенің «Биге деген махаббат» және Diversity балет қойылымдарын тамашалайды.

 

Мекен-жайы: Астана қ., Ұлы дала көш., 9 (бұрынғы Хусейн бен Талал, 9)