Сайыстың аты сайыс

Астанадағы ІІІ Халықаралық балет әртістері конкурсының бірінші айналымы аяқталды.   Екінші айналымға 21 адам қатысады.

 

Конкурс талаптарына сәйкес, бірінші айналымда жас әртістер классикалық хореографияның үлгісін көрсетті. Әйелдердің таңдауы көбіне «Дон Кихот» балетінің IV актіндегі Китри вариациясын» таңдады. Людвиг Минкустың «Дон Кихот» балетіндегі трактир иесінің қызының бейнесін Астана Опера сахнасында тоғыз балерина сомдады.

icba-34-of-219-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

Китри партиясын орындай отырып, балериналар бидің хрестоматиялық тазалығы мен мінсіздігін көрсетіп, бейненің әр деталіне назар аударып көрсете алады. Кейбірінің қолынан бұл келді, кейбірі көзге көріне алмады, бірақ, бәрі де тырысып жатты.

icba-157-of-219-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

“Баядерка” балетіндегі «Көлеңкелер» картинасының вариациясы мен Адольф Аданның «Жизель» балетіндегі Жизель бейнесі танымалдылығы жағынан екінші орынға ие болды. Бұл бейнелерді бес әртіс сомдады.

icba-170-of-219-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

Цезарь Пунидің “Эсмеральда” балетіндегі Диананы төрт әртіс таңдады. П.Чайковскийдің «Аққу көлі» балетіндегі Одеттаны қазылар алқасы мен көрермен қауым үш мәрте тамашалай алды.

icba-60-of-219-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

Балериналар бес спектакльдің вариациясымен шектелсе, ерлер керісінше, 11 балеттің кейіпкерін таңдады. Бірақ, соның ішінде, бәрінен көп орындалғаны  “Дон Кихот” еді.  Бірінші орынға Базиль шықты. Ал, одан кейін, орындалу жиілігіне қарай: Цезарь Пунидің «Эсмеральдасындағы» Актеон, Петр Чайковскийдің “Щелкунчигіндегі” ханзада, Херман Левенсхольдтің «Сильфидасындағы» Джеймс.

icba-110-of-219-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

icba-207-of-219-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

Алайда, орындалу жиілігінің берері шамалы. Ең бастысы, бейнені сомдаудың сапасы ғой.

 

Ұстаз-репетитор Елена Шерстнева Петр Чайковскийдің «Аққу көлі» балетіндегі Зигфридтің бейнесін сомдаған Еркін Рахматуллаевты ерекше атап өтіп, біздің сұрақтарымызға да ықылас танытып, жауап берді.

 

Бірінші айналымда конкурсанттар көрсеткен бейнелер, барлық конкурстарға тән шығар? Белгілі бір спектакльдердің жиі қайталанатын вариациялары ғой?

 

Иә, шынында да, біз тамашалаған вариацияларын көпшілігі барлық берлік конкурстарда орындалып келеді.  Мысалы, «Аққу көліндегі» Одетта вариациясы Китриге қарағанда кем орындалады.

 

 Ал, осы конкурста ерлер мықты ма, әйелдер ме?

 

Меніңше, ерлер мықтырақ. Біздің «Астана опера» театрының әртістері де осал емес. мен оларды мақтан тұтамын. Олар өздерін таныта алды. Меніңше, мұнда Константин Евгеньевич  Заклинскийдің де тигізген ықпалы зор. Олар сахнаға шыққан кезде ө тұрған тұрысынан-ақ бәрі көрініп тұратын, әртістердің әрқайсысы не үшін сахнаға шыққанын анық білді. Өзінің сомдаған бейнесін анық біліп отырды.

 

Қазылар алқасы үшін бір вариацияны әлденеше рет көру ауыр емес пе?

 

Бұл қалыпты жағдай. Шындап келгенде, қайта бүгін біршама жеңіл болды. Кей-кезде бір вариацияны қатарынан жеті мәрте көріп, артынан, келесі вариацияны да сонша рет көруге тура келіп жатады.

 

Жас әртістердің бәрі конкурста өздерін таныта ала ма?

 

Жастар үшін бұл – “сынақ”. Келесі жолы олар бұдан да мықты болады. Шындап келгенде, конкурсқа бейім және бейім емес әртістер болады. Кейде өте мықты әртіс конкурстарда сүрініп жатады. Керісінше, спектакльде соншалықты жарқын көріне алмаған әртіс конкурста жалт етуі мүмкін. Сондай да болады. Мұның өзінің түрлі себептері, өз нюанстары болады.

icba-135-of-219-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

Астана Опера залында көрерменнің пейілі ашық еді. Олар әртістерге қолдау көрсетіп, қол шапалақтап отырды. Кейбір әртістер бойындағы үрейді жеңіп, жақсы өнер көрсетсе, кейбірі, керісінше, үрейге ерік беріп, қателіктерге ұрынып жатты.

 

Конкурсанттардың көрсетілімі аяқталған соң, қазылар алқасы бір сағат бойы пікірлесіп, екінші айналымға өтетіндердің тізімін жария етті. Залда отырғанымда, “Сірә, бәрін өткізетін шығар” деген пікірді құлағым шалды. Бірақ, қазылар алқасы басқа шешім шығарды.

 

Қазылар алқасының жауапты хатшысы Сергей Усанов, екінші айналымға әртістердің бәрі өтпегенін жеткізді.

icba-215-of-219-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

“Сайыстың аты сайыс. Бірінің бағы жанып, бірі сан соғып жатады. Ертең бәрі де өзгеріп кетуі мүмкін. Келесі айналымға өтпей қалғандарға айтарым, қапаланбаңыз. Сіздер қанша дегенмен алға қадам басып, біршама дайындалдыңыз. Сендерді басқа конкурстарда күтеміз. Жетістіктеріңізге де қуанатынымызды айтқым келеді ”.

icba-216-of-219-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

Сосын, Сергей Усанов Астана Опера сахнасында екінші айналымда өнер көрсететін конкурсанттардың есімін атады.

 

Саяка  Вакита              ( Жапония )

Екатерина Байбаева     ( Ресей )

Серик  Накыспеков         ( Қазақстан )

Эллина Походных           ( Украина )

Риза Қанатқызы               ( Қазақстан)

Марат Сыдықов               ( Қырғызстан )

Бақтияр Адамжан           ( Қазақстан )

Еркін Рахматуллаев       ( Қазақстан )

Сэйю  Огасавара              (  Жапония  )

Архат Әшірбек                ( Қазақстан  )

Диана Батырова              ( Қазақстан  )

Наталья Алексеева        ( Ресей )

Александра Чижик          ( Беларусь )

Мария Кузьмина              ( Ресей )

Саади Иманкулов               ( Қырғызстан )

Балжан Нұрпейісова            (Қазақстан )

Рустем Иманғалиев             ( Қазақстан )

Константин Героник            ( Беларусь )

Виктор Томашек                  ( Украина )

Фарух Садыркулов               ( Қырғызстан )

Наталья Ивасенко                 (  Украина )

 

Конкурс жас әртістердің барынша күш салып, өнер көрсетуін талап ететіні рас. Алайда, олар үшін жанкүйер болып жүрген туыс-туғандары, ұстаз-репетиторлары үшін де үлкен сын. Екінші айналымда баршасына сәттілік тілейік.