Ең бастысы – бейбітшілік пен келісім

Астанадағы III Халықаралық балет әртістері конкурсының екінші күні. Конкурсанттар  репетицияда. Қазылар алқасы елордасымен танысып жүр.

icba-140-of-198

Конкурстанттар үшін ең бастысы  –  репетиция. Балет әртістері күн сайын сынып-дәрістері мен репетициялар өткізеді. Тек демалыс кезінде аз-кем тынығатыны бар. Ал, егер, конкурсқа қатысатын болса, күн сайынғы сынып-дәрістері мен репетициялар міндетті түрде болады. Тек, одан сайын көп еңбек етіп, өзіңді жинақы ұстауың тиіс. Сайыстың аты сайыс.

icba-131-of-198-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

Ал, жас әртістер Астанаға үйренісіп, эаңа сахнаны игеріп жатқанда қазылар алқасының өзінің бағдарламасы бар. Қазылар алқасының көпшілігі Қазақстан елордасына алғаш келді. Ұйымдастырушылар оларға арнап экскурсия бағдарламасын жасап шықты. Бірінші экскурсиялық сапарды “Бейбітшілік пен келісім үшін” деп атауға болар. Қонақтар, ел ішінде, «Пирамида» аталып кеткен Бейбітшілік пен келісім сарайына барып, сонымен қатар, «Әзірет сұлтан» мешіті мен Ұлы-Успен кафедралы шіркеуін тамашалады.

icba-144-of-198-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайы күллі әлемге белгілі, себебі, Әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының съезі дәл осы жерде өтеді.

icba-143-of-198-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

Судан аттап өтулеріне тура келгенімен, әйгілі Норман Фостер ойлап шығарған сәулет өнерінің туындысы қонақтарға әсер еткені сөзсіз.

icba-152-of-198-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

Қонақтар әлемге әйгілі дінбасылар бас қосатын шағын залда да отыра алды.

icba-162-of-198-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

icba-170-of-198-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

“Әзірет Сұлтан” мешіті  –  жас елордамыздың ғаламат әрі өте әсем архитектуралық құрылыс, Орталық Азиядағы ең ірі мешіт. Аты Орталық Азияға әйгілі ақын, философ, әулие Қожа Ахмет Яссауидің құрметіне қойылған мешіт шығыс сарайына ұқсас, іші-сырты ерекше безендірілген, ерекше салтанат пен монументальді әсемдікке ие ғимарат.

icba-168-of-198-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

Астанадағы Киелі Тәңірияның құрметіне тұрғызылған кафедралы шіркеу Орталық Азиядағы ең әдемі әрі тамаша шіркеулердің қатарына жатқызуға болар. Әйгілі Палех суретшілері әрлеген шіркеудің көркі көздің жауын алады.

icba-171-of-198-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

Қазылар алқасы Астанаға тәнті болғандарын жасырмады.

 

Қазылар алқасы Астананы аралап жүргенде, конкурсқа қатысушылар үздіксіз репетиция жасады. Алда алғашқы айналым күтіп тұр.