Қоныс тойына бәрі дайын

Жан-тәніңді толқытар сәт жақын. Елордасында “Астана Балет” театры ашылмақ. Білетін адамдармен әңгімелесіп, интернетті ақтарып анықтағаным – тұрақты сахнасы мен белгілі бір мекен-жайы болған жалғыз балет театры  –  New York City Ballet екен. Осы балет труппасы Линкольн-орталықтағы Дэвид Кох театрында орналасқан екен. Тіпті, Борис Эйфман жетекшілік ететін   Санкт‑Петербор мемлекеттік академиялық театрының жеке баспанасы жоқ. Петерборлық театр орналасатын Би сарайының құрылысы енді ғана басталды. Сондықтан, қазақстандық көрерменнің «бөркін аспанға атар» жайы бар, деуге болады. Енді елордасында классикалық өнерді көрерменге паш ететін екі театр болмақ: Астана Опера мен Астана Балет.

astnblttheatre-7-of-7-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

Қазақ ұлттық хореография академиясымен жапсарлас ғимаратты көпшілік байқаған шығар. Оның қарапайым, әсем архитектурасы, көлемін ұлғайтатын биік колонналар, кіреберістегі алаңқай – осының бәрі көздің жауын алады.  Әзірше оның итерьерін «Астана Балет» театрының әртістері мен құрылысшылар ғана көрді. Дегенмен, күндіз-түні дайындық жүргізіп жатқан әртістердің интерьерге көз тоқтатар шамасы жоқ. Ал, біз, әзірше сәнді киінген көрермені жиналмаған театрды аралап, интерьерін тамашалап, алғашқы сәтті есте қалдыру үшін қай жерде фотосуретке түсу керегін белгілеп қоя аламыз.

mono8978-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

Заманауи интерьер ықшам да сәнді жасалған, дегенмен, қарабайырлықтан ада. Қабырға, колонналар мен еденнің түсі келісті; жарық та ойдағыдай жасалған, интерьерді салтанатқа бөлейтін бояу гаммасы да жақсы ойластырылған. Көрермен мұнда өзін жайлы сезінеді. Байқасаңыз, фотосуреттерде көзге ұрып тұрған ешнәрсе жоқ, әйтсе де, сізді бей-жай қалдырмайтыны да анық. Айнамен безендірілген сыртқы әсемдік күңгірт түсті еденмен, ал, үлкен терезелердің жылтыр жақтауы колонналардың ерекше фактурасымен бірін-бірі толықтырып тұр.

astnblttheatre-5-of-7-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

Фойені безендіргенде байыпты бояулар қолданылған: шоколадты-қоңыр түсті еден,  ақшыл сары-сарғыш түске түрлі реңктегі сұр түс көмкерілген. Көрермен залында да осындай байыпты түстер гаммасы сақталған: алтын түсті-қоңыр шымылдық, орындықтар шафранмен қапталған, қабырға мен еден түсі де көзге жайлы – ештеңе де сахнадан назарыңызды аудармайды.  “Астана Балет” театры интерьерінің стилін өз басым, балет терминологиясына сай – неоклассика деп атар едім.

astnblttheatre-1-of-7-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

mono8850-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

Қоныс тойына бәрі дайын.  Театр өз көрерменін күтіп отыр. Алғашқы  спектакльдер желтоқсанның оны мен он бірі күндері өтеді.

mono9021-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c